27 қаңтар 2015 16:55

Астана перзентханасында автобесіктерді орнату тәртібі түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"0" тобына арналған автобесік "0" тобына арналған автобесік

Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері арнайы шақыртылған сарапшылармен бірге №3 қалалық перзентханаға барып, болашақ және жаңадан ана болғандарды автобесіктерді пайдаланудың маңызы туралы хабардар етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері арнайы шақыртылған сарапшылармен бірге №3 қалалық перзентханаға барып, болашақ және жаңадан ана болғандарды автобесіктерді пайдаланудың маңызы туралы хабардар етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең бірінші босанған әйелдерге жаңадан туылған балаларға арналған автобесіктердегі бекіту құрылғылары туралы айтылды, оларды бала 6 айға толғанша қолдануға болады. "Құрылғы қозғалысқа қарсы бағытта орналастырылады, яғни бала арқасын алға қаратып отырады. Бұл күрт тежелу кезінде баланың басы күрт шұлғымауы үшін қажет, баланың басы арқалыққа жабысып тұруы тиіс, себебі баланың басының салмағы дене салмағының 25 пайызына тең, ал мойын омыртқалары әлсіз болады", - деді әкімшілік полиция басқармасының шақыртуымен барған автокресло сауда-саттығының менеджер-кеңесшісі Ирина Воробьева.

Ол автобесіктерді белдікпен көлікке қалай орнату керек екенін де түсіндіріп берді. "Қайыс белдігі төменгі фиксатор арқылы арқалықты құшып тұрған сияқты қиғаш өткізіледі. Белдікті өткізгеннен кейін міндетті түрде тартып көру керек, белдік қатты тартылып тұруы тиіс, оны бос қылып орнатуға болмайды", - деді Воробьева.

"Баланың аяғы мен басы бір деңгейде орналасуы тиіс. Автобесіктің бұрышы - 110 градус. 6 айдан асқан балаларға бұл жарамды, ал жаңа туылған нәрестелер үшін бұрышты жұмсарту керек, ол үшін арнайы поролон ендірмелер сатылып жатыр немесе бала көлбеу жатуы үшін жаялық қоюға болады. Бірақ автобесіктің өзін көлбеу орналастыруға болмайды, егер көлік кенеттен тоқтайтын болса бала ұшып кетеді", - деді кеңесші.

Оның айтуынша, автобесік алдыңғы орынға орналастырылған кезде қауіпсіздік жастығын міндетті түрде өшіріп қою керек, егер ол ашылып кететін болса автобесікке қатты соққы тиіп, бала креслоның арқалығына соғылуы мүмкін. 

Воробьеваның сөзіне қарағанда, автобесіктердің бағасының қымбат болуы сапасының жоғары екенін білдірмейді. "Ең қымбат креслолардың сапасы талапқа сай болмауы мүмкін", - деді ол. Сарапшы жалпыға бірдей неміс автокөлік клубының ұсынымдарын пайдалануға кеңес берді. "ADAC - неміс автоәуесқойлардың тәуелсіз қауымдастығы, олардың қауіпсіздік, экологиялылық бойынша крэш-тест жүргізетін зертханалары өте үлкен, яғни олардың беретін бағасы нақты болады", - деді ол.

Полицейлер екі нәрестеге автобесік сыйлады, ал Ирина Воробьева балалар үшін сапар барынша қауіпсіз болуы үшін оларды көлікке қалай орнату керегін көрсетті.

Астана қалалық әкімшілік полиция басқарма бөлімінің басшысы Тахир Әбдірахмановтың айтуынша, 2014 жылы балалардың қатысуымен болған 1399 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 89 бала қаза тауып, 1704 бала жарақат алған. "Болған оқиғалардың көпшілігінде ата-аналар балалар тасымалына қатысты тәртіпті бұзған. Балалар олардың ата-аналары қауіпсіздік белдігін, балаларға арналған тұтқыр құрылғыларды тақпағандықтан қаза табады, сөйтіп ата-аналардың өздері жол қозғалысының ережесін бұзады", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасов жол қозғалысының жаңадан енгізілген ережелеріне сәйкес жаңадан туылған сәбилерді перзентханалардан арнайы автобесіктер арқылы алып шығу міндеттелгені туралы мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети