18 шілде 2016 17:16

Астана полицейлері тұрғындарды дүрлікпеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада лаңкестік қауіпсіздіктің "сары" деңгейі жалғасуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Террористік қауіптің "сары" деңгейі кезіндегі ақыл-кеңестер ұсынылады.


Астанада лаңкестік қауіпсіздіктің "сары" деңгейі жалғасуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Террористік қауіптің "сары" деңгейі кезіндегі ақыл-кеңестер ұсынылады.

"Құрметті қала тұрғындары мен елорда қонақтары!
Полиция қызметкерлерінің тексерісіне түсіністікпен қарап, оларға көмек көрсетініздер. Сонымен қатар, сөмке, қораптар, бумаларға, қаптарға, шабадандарға, әсіресе шығып тұрған сымдар мен техникалық құрылғыларға және қоғамдық орындар мен көліктердегі күмәнды адамдарға назар аударыңыздар. Күмән тудыратын заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыздар. Басқа да айналадағы азаматтарға тасталған заттарға жолаудың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Ағымдағы жағдай туралы жаңалықтарды бақылап отырыңыздар.

Әуре-сарсаңға жол бермеңіздер. Тұрғындардың мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауырыт сөздерге мән бермеуін өтінеміз. Естеріңізге сала кетсек, жалған ақпарат туралы хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Егер күдік тудыратын құрал тапқан болсаңыздар тез арада 102 нөмеріне, Астана қаласы ІІД Кезекшілік бөліміне 71-60-10, 71-61-10 телефонына хабарласуларыңызды өтінеміз.
Ақпарат Астана қаласы ІІД, Астана қаласы әкімдігінің аккаунты, әлеуметтік желілерге twitter.com/astana_akimat, facebook.com/astanaakimat, instagram.com/astana_akimat шығады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД жасалған шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Полиция қызметкерлері арасында қаза тапқандар бар. Шабуыл жасағандардың біреуі ұсталды, біреуі - іздеуде", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети