02 сәуір 2014 13:52

Астана полициясы көмекшілерін ынталандыру үшін жыл сайын 13 миллион теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kp.ru сайтынан алынды Фото kp.ru сайтынан алынды

Елорданың Ішкі істер департаменті ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында полицияның көмекшілерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқаны және қылмысты ашқаны үшін жалпы соммасы 3 миллион теңгеге ынталандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елорданың Ішкі істер департаменті ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында полицияның көмекшілерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқаны және қылмысты ашқаны үшін жалпы соммасы 3 миллион теңгеге ынталандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты барлығы 216 қоғамдық көмекші иеленді. Сонымен бірге полицияға көсмектескен азаматтарды ынталандыру үшін қалалық әкімдіктен жыл сайын 13 миллион теңге бөлінеді екен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қалалық ІІД мен Жастар саясаты басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде жастар жасағын құруды ұйымдастыру туралы меморандумға қол қойған.

Бүгінгі таңда 10 шұғыл-жастар жасағының құрамындағы 169 студент қоғамдық тәртіпті күшейту ісінде полицияға белсенді қолғабыс етіп келеді.

Ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздікті сақтау саласына белсенді жастарды тарту үшін студенттермен және қаланың жоғарғы, сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Кездесу барысында құқықтық тәртіпті қадағалайтын студенттер жасағының мүшелеріне тұңғыш рет арнайы жасалған біріңғай формалы киімдер тарту етіледі.

Айта кетейік, полицияның қоғамдық көмекшілерін ынталандыру тәжірибесі бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Мәселен өткен жылы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, олардың көмегімен 37 қылмыс ашылған және 1400-ден аса құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұны кезінде Tengrinews.kz сайты хабарлаған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети