20 сәуір 2021 16:32

Астана тұрғыны көпірден суға секіріп кеткен қызды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметі © Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда ер адам көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда ер адам көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 20 сәуірде сағат 11.16-да Нұр-Сұлтан ПД жедел басқару орталығының 102 пультіне "Қазақстан" СК маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кеткені туралы хабар түскен.

Оқиға куәгері 38 жастағы Денис Синдеевтің айтуынша, сол уақытта ол жақын маңда тұрған.

"Бір сәтте адамдардың айғайын естідім. Жақынырақ жүгіріп барғанымда суға батып бара жатқан қызды көрдім. Ойланбастан сырт киімімді шешіп, өзенге қарай жүгірдім", - дейді Денис.

Осылайша ол қызды судан алып шығып, дәрігерлерге тапсырған. Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Елордалық полиция басшысы генерал-майор Ержан Сәденов Денис Синдеевке батыл әрекеті үшін алғыс айтып, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

Сурет: Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети