1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Астана тұрғыны сақтандыру төлемдерін алу үшін өз көлігін ұрлатқан 23 ақпан 2021, 12:46

Астаналық өз көлігін ұрлауға тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астаналық өз көлігін ұрлауға тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицияға белгісіз біреулер өзінің Toyota RAV 4 көлігін ұрлап кеткенін айтып арызданған. Ол көлігін былтыр несиеге сатып алған. "Ұрлық" сәті Оқушылар сарайының жанындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 53 жастағы жәбірленуші сақтандыру төлемдерін алу мақсатында несиесін төлеуден жалтарып, автокөлігін айдап әкетуге тапсырыс берген. Қылмыс жоспарын алдын ала ойластырған ол көлігін ұрлап кететін таныстарын тауып, оларға ақшалай сыйақы төлеуге уәде еткен. Олар көлікті ұрлап, Алматы облысында белгісіз адамдарға сатқан. Ұрлық жасағандар ұсталып, кінәсін мойындады", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Көлік иесіне жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғаушылар тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!