1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Астана Ветсервис" директоры жұмыстан шеттетілді13 қыркүйек 2020, 16:00

Фото: Іnstagram.com/vd_stopotlov Фото: Іnstagram.com/vd_stopotlov

"Астана Ветсервис" директоры жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан әкімдігінің бастамасымен қызметтік тергеу жүріп жатыр. Осы уақытта "Астана Ветсервис" директоры жұмыстан шеттетілді. Әкімнің тапсырмасына сәйкес жануарларға қорлық көрсету дерегі бойынша тәуелсіз сараптама тағайындалды. Кінәлілер қатаң жауапқа тартылады", - деді әкімдіктегілер.

Еске салайық, бұған дейін елорданың жануарларды қорғаушылары "Астана Ветсервис" иесіз жануарлардың изоляторында қорланған төрт итті анықтады. Бұл жағдайға байланысты Полиция департаментіне арыз жазылды.

"Жануарларға қорлық көрсету" дерегі бойынша ҚР ҚК 316-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!