10 қараша 2017 11:00

Астанада 14 жастағы жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші куәлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот 14 жастағы жасөспірімді қағып кеткен жүргізушіні жүргізуші куәлігінен айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сот 14 жастағы жасөспірімді қағып кеткен жүргізушіні жүргізуші куәлігінен айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттағылардың мәліметінше, жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші қыз оқиға орнынан кетіп қалып, мектеп оқушысын өзімен бірге алып кеткен.

"Соттың үкімімен қыз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 611-бабының 2-бөлігі бойынша ("Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы") әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 15 айлық есептік көрсеткіш ретінде (34 035 теңге) айыппұл салды", - деп хабарлады соттағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Facebook желісінде оқушының анасы Айгүл Жараспаева биыл 16 тамызда Астанада ұлының басынан өткен оқиғаны баяндап жазған еді. 

"Сағат 8 шамасында ұлымның сыныптасының әкесі маған баламды белгісіз біреулер Lexus GX460 маркалы автокөлікпен қағып кеткенін айтты. Оқиға Түркістан көшесінде болды. Ұлым достарымен велосипедпен Түркістан көшесінің бойымен жол шетінде келе жатқан. Бір кезде жол талғамайтын көліктің жүргізушісі оларды озып өтіп, дереу оңға бұрып қалған. Сол кезде менің ұлым соқтығысқан. Автомобиль соққысынан менің балам ұшып кеткен, соның салдарынан ол жарақат алды", - деп жаған еді жасөспірімнің анасы. 

Жол-көлік оқиғасынан кейін, оқушының анасының айтуынша, ер адам мен әйел адам баланы күштеп көлікке отырғызып белгісіз бағытта алып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети