06 қаңтар 2018 | 14:32

Астанада 8 адамы бар лифт құлаған: Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© avtoInsider.com © avtoInsider.com

Тұрғын үй инспекциясы елорданың көпқабатты үйлерінің біріндегі лифт жұмысы олқылығының себептерін анықтап жатыр. Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін компания жасалған ескертулерге қарамастан үй лифттерін есепке қою бойынша тиісті жұмысты жүргізбеген деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы


Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үй инспекциясы елорданың көпқабатты үйлерінің біріндегі лифт жұмысы олқылығының себептерін анықтап жатыр. Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін компания жасалған ескертулерге қарамастан үй лифттерін есепке қою бойынша тиісті жұмысты жүргізбеген деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы

31 желтоқсанда Тәуелсіздік көшесі бойындағы үйде лифт құлады, оның ішінде сегіз адам болған.

"Оқиға орнына тұрғын үй басқармасының басшысы барды, ол зардап шеккен адамдармен және лифттің құлау себептерін анықтаушы органдармен кездесті. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты, лифт құрылғысы бойынша техникалық толық сараптама жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады инспекция мамандары.

Құлап кеткен GLIFT маркалы лифт Түркияда 2013 жылы шығарылған. Бұл тұрғын үйдегі басқарушы орган "Тоқабаев" ЖК, ол сервистік қызмет көрсету бойынша "Бегенов" ЖК-пен келісімшартқа отырған.

"Өз кезегінде, Астананың тұрғын үй испекция басқармасы 2017 жылы мамырда "Тоқабаев" ЖК басқару органына қауіпті техникалық құралдарды (лифттер) пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескертуді қолына табыстаған. Алайда  ЖК ҚР "Азаматтық қорғау туралы" заңына сәйкес лифттерді тұрғын үй инспекциясына есепке қою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізбеген", - деді ведомство қызметкерлері.

Әкімнің тапсырмасымен 2017 жылы Астана тұрғын үй инспекциясының 500-ден аса лифтіні тексеруден өткізгені белгілі, оның нәтижесі бойынша 25 ПИК пен лифт компанияларына қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

"Тәуелсіздік көшесі, 38/2 тұрғын үйі бойынша лифттерді тексеру жүзеге асырылмаған, себебі тұрғындар тарапынан тұрғын үй инспекциясына өтінім болмаған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар 2017 жылы Астанада 96 лифтіні ауыстыру жұмыстарын жүргізді, олардың 23-і апатты жағдайда болған", - деді инспекция мамандары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети