03 қараша 2024 | 16:20

Полицейлер Қарағанды тұрғындарына үндеу жариялды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 қарашада таңғы сағат 04:00 шамасында Қарағандыға кіре берістегі мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлері 57 жастағы ер адамның басқаруындағы КамАЗ автокөлігін тоқтатты.

Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы адам және оның 29 жастағы ұлы болды. Ал көліктен 40 бас жылқы анықталды.

Жүргізушінің айтуынша, жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен, алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды.

Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан.

Онда таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды. Қазір барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети