Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, Абылай хан даңғылына Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді.
"Осыған байланысты, 3-9 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау және ықтимал өзгерістерді ескеру сұралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!