02 желтоқсан 2022 15:55

Астанада Әл-Фараби даңғылы сол жағалауға көшірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында Әл-Фараби даңғылының атауын көшіру мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.


Астананың ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында Әл-Фараби даңғылының атауын көшіру мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары, Астана мәслихаты мен Қоғамдық кеңес мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл көше өндірістік аймақта орналасқандықтан ұлы ғалымның есіміне сәйкес келмейді, осыған байланысты қаланың үлкен және орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілуі тиіс деген ұсыныстарын бірнеше рет айтқан болатын.

"Астананың ономастикалық комиссиясының отырысына Есіл ауданында орналасқан №38 жобалық атауы бар көшеге ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұл көше Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпірдің артында орналасқан", - делінген хабарламада.

Қаланың болашақ жоспарына сәйкес бұл көше Есіл өзенінен басталып, жалпы ұзындығы 7 шақырымнан асатын Қабанбай батыр даңғылына дейін созылатын үлкен даңғылдардың бірі болады. Қаланың ономастикалық комиссиясының отырысында қаралған ұсыныстар қарау үшін Астана мәслихатының тұрақты комиссияларының жария тыңдауларына, Астана қоғамдық кеңесінің қарауына жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети