05 шілде 2017 18:08

Астанада Алматы облысы мәдениет күндері өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсылық Омар. Жақсылық Омар.

Астанада Алматы облысы мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Астанада Алматы облысы мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, биыл 11-15 шілде аралығында елордада Алматы облысы Мәдениет күндері өтеді. Мәдениет мекемелерінің ұжымы және қолөнер шеберлері арнайы ЭКСПО қонақтарына өз туындыларын тарту етеді. Осы мақсатта елордаға дайындық үшін Б. Римова атындағы театр, Сүйінбай атындағы филормония, М. Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі, қолданбалы өнер шеберлері мен "Алатау әуендері" концерттік ұйымы келді. 

"11 шілде сағат 19:00-де "Қазақстан" концерт залында салтанатты түрде барлық шараның ашылу салтанаты "Жетісу - жұмақ мекенім" атауымен өтеді. Сол күні 18:30-да Б. Римова атындағы облыстық драма театры "Жастар" театрында "Ромео мен Джульетта" спектаклі қойылады. Қалада тұрғындар мен қала қонақтарын мәдени шаралардың өтетіні туралы белсенді түрде хабарландырылады. Жабылу салтанаты 15 шілдеде Амфитеатрда өтеді. Барлық күндері жаппай шаралар ұйымдастырылады. Мәдени шаралардың өзіне 332 адам қатысады. Әлемнің әр түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың мәдениетімен етене таныса алады", - деді Жақсылық Омар. 

Еске салайық, облыстық мәдениет күндері халықаралық мамандандырылған "EXPO- 2017: Болашақ энергиясы" көрмесі аясында өтеді. Бүгінге дейін елордада осындай шараларды Ақтөбе облысы өткізді. 

Баспасөз конференциясы барысында өңір басшысының орынбасары 18 миллионыншы ел азаматы Алматы облысында дүниеге келу маңыздылыған айта кетті. 

"Біз үшін елорданың 19 жыл толуына байланысты мерекені тойлау қарсаңында осы жаңалық кең масштабты әрі қуанышты жағдай. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мамандары Муслиманың еліміздің 18 миллионыншы азаматы екенін анықтады. Біздің өңірде "бақыт баласының" дүниеге келуі қуантады. Біз елімізде осындай жаңалықтардың көптеп болатынына сенеміз", - деді Жақсылық Омар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети