09 қаңтар 2018 13:12

Астанада азаматтар арнайы хештег арқылы өтініш қалдыра алатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында қала тұрғындарының өтінішітеріне арнайы хештег көрсетілген жағдайда жауап беретіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында қала тұрғындарының өтінішітеріне арнайы хештег көрсетілген жағдайда жауап беретіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Қала тұрғындары мен қонақтарының хабарлары мен өтініштеріне "Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" жедел әрекет ету мақсатында, арыз-шағымдарыңызды келесі #astana109 хештегін қолданып белгілеуіңізді сұраймыз", - деп жазды Эльвира Жүргенбаева.

Сондай-ақ, ол Астана әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығын құрғанын еске салды.

"Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы - "109 кезекшілік қызметі" ММ және Астана қаласы Әкімдігінің Аxуалдық орталығының бейнебақылау мониторинг командасымен бірігуі арқылы құрылған.
Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астананың "тіршілік әрекетінің" мониторингі және тексеру құралы болып жұмыс жасайды", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева.

Cонымен қатар, ол қалалық мониторингтің және жедел әрекет ету орталығының коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын біріктіретінін және қаланың әрдайым жақсарту платформасы болатынын айтып өтті.

"Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы тәулік бойы 24/7 режимінде жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Байланыс нөмірі қала тұрғындарына әдеттегідей 109 болып табылады. Қала тұрғындары сонымен қатар өздерінің хабарламаларын "Smart Astana" мобильді қосымшасы арқылы бере алады", - деді Эльвира Жүргенбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети