24 шілде 2018 10:07

Астанада балаларды қағып кеткен полицей жауапкершілікке тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Астанада жаяу жүргіншілер жолында екі баланы қағып кеткен полицейге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада жаяу жүргіншілер жолында екі баланы қағып кеткен полицейге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүргізушіге қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды. Патрульдік көліктің жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") және 611-бабы бойынша ("Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы') жауапкершілікке тартылды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, мұның алдында Астана полицейлерінің жаяу жүргіншілер жолында балаларды қағып кеткені жайлы хабарланған болатын. Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы туған баланы велосипедіне отырғызып кетіп бара жатқан 13 жастағы жеткіншек жаяу жүргіншілер жолынан жолға қарай шығып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети