Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада болған жол апатынан зардап шеккен балалардың бірі әлі жансақтау бөлімінде жатыр

08 Қыркүйек 2016, 09:22
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада болған жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп, ота жасалған баланың жағдайы әлі де ауыр. 2002 жылғы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Баланың өкпесіне жасанды аппарат қойдық, себебі бассүйек миына зақым тиген. Баланың көкбауыры мен бүйрегін сақтап қалу мүмкін болмады. Әзірше баланың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Балаға ота жасалды, енді ол есін жию керек. Дәрігерлер оның қанша уақыт ауруханада жататынын айта алмай отыр. Палатаға да қашан ауыстырылатыны белгісіз", - деді ведомстводағылар.

Еске салайық, осыған дейін Астанада болған жол апатынан зардап шеккен төрт баланың ауруханаға жеткізіліп, біреуінің жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы төрт бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Асан Қайғы көшесінің бойымен Иманов көшесіне қарай бара жатып, қиылыста басқа көлікке жол бермей, нәтижесінде Mercedes-Benz көлігімен соғысқан. Алған соққыдан Lexus жүргізушісі кәмелетке толмаған балалар мен тұрақта тұрған "Лада"көлігін соққан. Кейіннен Lexus тағы да тұрақта тұрған ZAZ маркалы көлікке соғысып, одан сол жерде тұрған Mitsubishi көлігімен тағы соғысқан", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай