20 шілде 2018 12:41

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

19 шілдеде қайтыс болған Денис Тенмен қоштасу рәсімі Астанада "Барыс Арена" стадионында өтеді, - деп хабарлайты Tengrinews.kz тілшісі.


19 шілдеде қайтыс болған Денис Тенмен қоштасу рәсімі Астанада "Барыс Арена" стадионында өтеді, - деп хабарлайты Tengrinews.kz тілшісі.

"21 шілдеде сағат 9.00-де "Барыс Арена" стадионында Денис Тенмен қоштасу рәсімі басталады. Барлығы Астана қаласы әкімдігі мен Ұлттық олимпиада комитетімен мақұлданған", - деп хабарлады Astana Venue Management компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ержан Едгебаев.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшымен қоштасқысы келетін барлық тұрғынға "Барыс Арена" есігі ашық.

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу сенбі, 21 шілдеде, Балуан Шолақ атындағы спорт кешешнінде өтеді. 

Еске сала кетейік, Денис Тен кеше, 19 шілдеде қайтыс болды. Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшы өмірімен бірнеше сағат арпалысты, бірақ амал не, өмірін сақтап қала алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети