Астанада Ұлы Дала даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Бокейхан көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты, 15 мен 20 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, 15 мен 22 мамыр аралығында Домалақ ана көшесінің Қорғалжын тасжолынан Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
"Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!