Астанада ең үздік жас құтқарушылар анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жас құтқарушылар арасында қалалық жарыстар өтті. Іс-шараға елордадағы барлық ауданнан келген мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жас құтқарушылар арасында қалалық жарыстар өтті. Іс-шараға елордадағы барлық ауданнан келген мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық кезеңге әр ауданнан бір-бір командадан, барлығы алты команда қатысты.

"Мұндай жарыстар тек Астанада ғана емес, бүкіл республика бойынша өткізіледі. Олар он жылдан астам уақыттан бері ұйымдастырылып келеді. Мамыр айының басында қаланың әр ауданында жас құтқарушылар арасында іріктеу жарыстары өтті. Енді ең мықтылары қалалық деңгейде бақ сынап жатыр. Бірінші орынды иеленген команда маусым айында Көкшетауда Азаматтық қорғау академиясының базасында өтетін республикалық жарысқа жолдама алады", - деді Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау капитаны Бауыржан Ахметалин.

Жарыс бағдарламасына тақырыптық қабырға газетін дайындау, алғашқы медициналық көмек көрсету, жауынгерлік жаю, өрт эстафетасы, жартаста өрмелеу, сондай-ақ судағы іс-қимылдар кірді – қатысушылар құтқару шеңберін нысанаға лақтырып, дағдыларын көрсетті.

8-9 сынып оқушылары ептілік пен жылдамдық бойынша жарысты: өрт сөндіру шлангаларын жылдам жаю, кедергілерден өту және зембілмен жүгіру сынды тапсырмаларды орындап, нағыз құтқарушылардай әрекет етті.

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең Астана қаласы ТЖД аумағында өтті. Екінші кезең – жедел-құтқару жасағының базасында өтіп, онда оқушылар судағы көмек көрсету дағдыларын паш етті.

"Бүгінде статистикаға сүйенсек, ең көп зардап шегетіндер – 3 пен 12 жас аралығындағы балалар. Бұл – отпен ойнау, терезеден құлау, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау жағдайлары. Біз балаларға қауіпсіздік мәдениетін үйрету арқылы осындай жағдайлардың алдын алуға тырысамыз. Бұл ақпарат ата-аналарға да жетеді деп ойлаймын. Балалар үйіне барып, ата-анасына осы іс-шара туралы айтып береді, ал олар қауіпсіздік мәселесі туралы ойланатын болады. Өйткені кейде үлкендердің өздері де қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Ал балалар есте сақтап, бұл мәдениетті отбасында қанат жаюына септігін тигізеді", - деді Бауржан Ахметалин.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға төтенше жағдайлар мен түрлі экстремалды жағдайларда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын үйретіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Tengrinews
Астана қаласының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer