17 ақпан 2021 14:20

Астанада ер адам экскаваторды ұрлап әкетіп, айналдырып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мас қарағандылық Нұр-Сұлтанда экскаваторды ұрлап әкетіп, оны жолдың ортасында айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мас қарағандылық Нұр-Сұлтанда экскаваторды ұрлап әкетіп, оны жолдың ортасында айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға елордада "Нұрлы жол" вокзалының маңында болған.

Полиция мәліметінше, экскаватор кабинасында жүргізушінің ұйықтап жатқаны турал хабар таңғы 5-те түскен. Қызметкерлер көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстады.

"30 жастағы ер адам аумақтық полиция басқармасына жеткізілді. Ол мас күйде көлікті айдап кеткені анықталды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам экскаваторшы болып жұмыс істейді екен, өзі Нұр-Сұлтанға Қарағандыдан келгені белгілі болды.

"Досына қонаққа келген ол алкоголь ішіп, кейін көшеге шыққанда жақын жерден экскаваторды көрген, оған жақындап есігін тартса, көлік ашық екен, кілті ішінде болған. Көлікті оталдыру қиынға соқпаған, сөйтіп ол жолға шығып кетті. Әрі қарай не істегені есінде жоқ, полиция келгенде оянды", - деді департамент өкілдері.

Экскаватор иесі көлігін құрылыс нысанының жанындағы тұраққа қойған, ал оның жоғалғаны туралы полицейлерден білді. Құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстің 200-бабы ("Айдап әкету") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети