Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада ит серуендетуге арналған алаңдар салынады

25 Қыркүйек 2014, 16:56
0
©kurer-sreda.ru
©kurer-sreda.ru

Астана әкімдігі иттерді еркін серуендетуге арналған алаңдар тұрғызады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары хабарлады.

"Бүгінде Астана қаласы аумағында үй жануарларына арналған серуен алаңдары жоқ. Қазіргі кезде қала әкімдігі жергілікті бюджет есебінен Астананың әр ауданы аумағынан иттерді серуендетуге арналған алаңдар салу мәселесін қарастырып жатыр", - делінген ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.

Басқарма мамандарының айтуынша, иттерді ұстау мен қыдырту мәселесі мәслихаттың 2007 жылдың 9 ақпанындағы шешімімен бекітілген Иттер мен мысықтарды ұстау ережелерімен реттеледі. Ереженің 9-бөлімінің 70-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, пәтер иелері кооперативтері кооперативке бекітілген аумақтан немесе ықшамаудан аумағынан иттерді серуендетуге арналған 15х15 метрден кем емес орын анықтауы тиіс. Иттерді серуендетуге арналған алаң құрылыстан оқшау және кооперативке іргелес болуы керек. Ол міндетті түрде қоршалуы тиіс, онда жақтаушалар мен белгілер орнатылуы керек.

"Астана ветсервис" коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, қала аумағында ресми түрде 10 мыңнан астам ит тіркелген. 

Астана әкімдігі мамандары бұралқы иттерге қатысты ахуал туралы да айтты. 2013 жылы 11 773 иесіз ит ауланған, ал биылғы 9 айда 8 мыңға жуық қаңғыбас ит ұсталды. "Жүргізілген жұмысқа қарамастан, иесіз жануарлардың қатары азаяр емес. Ол қалада құрылысы аяқталмаған нысандардың, саяжай алаптарының болуымен және Ақмола облысының іргелес аумақтарындағы көші-қонмен байланысты", - дейді мамандар. 

Астана ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, қалада "Астана ветсервис" базасында қараусыз қалған жануарларға арналған орындар бар. Жануарлар мұнда үш тәулік бойы қамалады, содан кейін оларға эвтаназия қолданып, кейін залалсыздандырылады. Көшеден ұсталған иттердің бір пайызын ғана иелері алып кетеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай