Астанада жаңа әуежай салынатын орын таңдалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаңа әуежай салынатын орын таңдалды Фото:depositphotos.com

Астанада екінші әуежай салынуы мүмкін орын анықталды. Елордалық мәслихат депутаттары қаланың Бас жоспарына енгізілген өзгерістерді бекітіп, жаңа нысан үшін ең қолайлы деп танылған басым аумақты белгіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада екінші әуежай салынуы мүмкін орын анықталды. Елордалық мәслихат депутаттары қаланың Бас жоспарына енгізілген өзгерістерді бекітіп, жаңа нысан үшін ең қолайлы деп танылған басым аумақты белгіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ

Бас жоспарға енгізілген түзетулерде қалаға келетін туристер санының артуына байланысты болашақта Астанаға екінші әуежай қажет болатыны көрсетілген.

Сарапшылар көлік қатынасы ыңғайлы (соның ішінде пойыз немесе LRT арқылы) және ұшу кезінде құстар кедергі келтірмейтін аумақты іздестірді.

Нәтижесінде ең тиімді нұсқа ретінде елорданың солтүстік-батыс бағытындағы Астана – Көкшетау тасжолы бойындағы Шортанды кенті жағындағы аумақ таңдалды.

Нақты орны сызбада көрсетілген:

Астананың Бас жоспарынан алынған дерек

Ұсынылған аумақ Астана шекарасынан шамамен 48 шақырым, "Нұрлы жол" вокзалынан 73 шақырым қашықтықта орналасқан. Арнайы аэроэкспрестер іске қосылған жағдайда вокзалдан әуежайға дейінгі жол шамамен 75–80 минутты алады деп болжанып отыр.

Жолға кететін уақыт пен күту мерзімін ескергенде, сапарға орта есеппен екі сағаттан екі жарым сағатқа дейін уақыт жұмсалуы мүмкін.

"Әрине, өңірде жаңа әуежай салу туралы шешім аймақтық экономиканы, демографияны және сыртқы факторларды ескере отырып, мұқият әрі экономикалық тұрғыдан негізделген бағалау негізінде қабылдануы тиіс. Екінші нысанды салу туралы шешім ұзақ мерзімді перспективаға арналған. Қала құрылысы құжаттамасының міндеті – аталған функция үшін аумақтық ресурстардың ұзақ мерзімді резервін қалыптастыру", – делінген құжатта.

Депутаттар қандай шешім қабылдады?

Сәулет басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтің баяндамасынан кейін мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Бас жоспарға енгізілетін өзгерістер бірнеше отырыста талқыланғанын атап өтті.

"Құрметті әріптестер, біз бұл мәселені бірнеше отырыс бойы қарастырдық. Алтынбек Жанаұлына қосымша сауалдарыңыз бар ма? Егер жоқ болса, шешім қабылдауымыз керек, дауыс берулеріңізді сұраймын", – деді мәслихат басшысы.

Нәтижесінде депутаттар қаланың Бас жоспарына түзетулер енгізуді қолдап, "иә" деп дауыс берді.

Мән-жайы

2025 жылғы желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін екенін айтқан болатын. Сол кезде ол елорданың бас жоспарында "әуежай құрылысы үшін перспективалы учаскелер қарастырылғанын" айтқан еді.

Ал 15 мамырда елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев бірнеше ықтимал учаскені қарастырып жатқандарын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Бас жоспарға енгізілген түзетулерде "ең қолайлы" учаске таңдалып алынды және ол "аталған функция үшін аумақтық ресурстардың ұзақ мерзімді резервіне" енгізіледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +22
Ақтау +23
Ақтөбе +19
Атырау +23
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +24
П
Павлодар +19
Петропавл +26
С
Семей +19
Т
Талдықорған +23
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер