ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 шілде 2026 08:14
Астанада жаңа LRT құрылысы байқалды: фото
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) – Tarlan Astana құрылысы жалғасып жатыр. Елорданы Қосшымен байланыстыратын желіде жұмыс басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әңгіме Айтматов көшесі туралы болып отыр.
Жұмыс басталғалы жатқан сыңайлы. Оқиға орнынан арнайы киім киген жұмысшыларды байқадық.
Сондай-ақ мұнда техника көп, жол белгілері мен арнайы қоршау қойылған.
Егер "Astana LRT" деген жазу болмаса, мұнда әдеттегі жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп ойлауға болар еді.
Бірақ бұл жерде жақын арада болашақ жеңіл рельсті көлікке арналған әйгілі тіректер бой көтеретінін аңғартатын белгілер аз емес.
Айта кетейік, "Astana LRT" деген ескі атау қоршауларда бірінші кезең құрылысынан бері қалған көрінеді.
Дегенмен біз "Tarlan Astana" деген жаңа атауды да байқадық.
Жоба операторы CTS компаниясы бұл жұмыс Қосшы бағытына қарай LRT екінші кезеңінің жалғасы екенін растады.
Желі Айтматов көшесі бойымен екі бағытта жүргізіледі.
Айтматов көшесі Сығанақ көшесімен қиылысады, оған жақын жерде "Хан Шатыр" СОО орналасқан.
Бұған дейін CTS басшысы Асылбек Дүйсебаев LRT желісін "Хан Шатырдан" бастап, ескі вокзалға дейін ұзарту жоспарланғанын хабарлаған болатын.
Оның айтуынша, оң жағалаудағы LRT құрылысы үш жылға созылуы мүмкін.
Ал қаржыландыру болған жағдайда, Қосшыға дейінгі желіні 2027 жылдың аяғына дейін ұзартуы мүмкін.
Айта кетсек, Қосшы бағытында тіреулер орнатылып қойған. Бұған дейін құрылыс аумағындағы құлаған ағаштар туралы жазған болатынбыз. Кейін құрылыс жұмыстарына орын босату үшін ағаштар басқа жерге ауыстырып отырғызылып жатқаны белгілі болды.
Тағы оқыңыз: Astana LRT-ға ресми түрде жаңа атау берілді: бекеттерде не өзгерген?
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу