Астанада жаңа LRT құрылысы байқалды: фото

ПОДЕЛИТЬСЯ

лрт жұмысшысы Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) – Tarlan Astana құрылысы жалғасып жатыр. Елорданы Қосшымен байланыстыратын желіде жұмыс басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әңгіме Айтматов көшесі туралы болып отыр.

Жұмыс басталғалы жатқан сыңайлы. Оқиға орнынан арнайы киім киген жұмысшыларды байқадық.

Сондай-ақ мұнда техника көп, жол белгілері мен арнайы қоршау қойылған.

строительство LRTФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

строительство LRTФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Егер "Astana LRT" деген жазу болмаса, мұнда әдеттегі жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп ойлауға болар еді.

строительство Астана ЛРТФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Бірақ бұл жерде жақын арада болашақ жеңіл рельсті көлікке арналған әйгілі тіректер бой көтеретінін аңғартатын белгілер аз емес.

строительство Astana LRTФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Айта кетейік, "Astana LRT" деген ескі атау қоршауларда бірінші кезең құрылысынан бері қалған көрінеді.

Astana LRTФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Дегенмен біз "Tarlan Astana" деген жаңа атауды да байқадық.

Tarlan AstanaФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жоба операторы CTS компаниясы бұл жұмыс Қосшы бағытына қарай LRT екінші кезеңінің жалғасы екенін растады.

рабочий на ЛРТФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Желі Айтматов көшесі бойымен екі бағытта жүргізіледі.

Айтматова АстанаФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Айтматов көшесі Сығанақ көшесімен қиылысады, оған жақын жерде "Хан Шатыр" СОО орналасқан.

схема движения лртЛРТ-ның қазіргі қозғалыс схемасы. Дереккөз: CTS

Бұған дейін CTS басшысы Асылбек Дүйсебаев LRT желісін "Хан Шатырдан" бастап, ескі вокзалға дейін ұзарту жоспарланғанын хабарлаған болатын.

лрт в АстанеФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Оның айтуынша, оң жағалаудағы LRT құрылысы үш жылға созылуы мүмкін.

лрт в сторону КосшыФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Ал қаржыландыру болған жағдайда, Қосшыға дейінгі желіні 2027 жылдың аяғына дейін ұзартуы мүмкін.

дорога в сторону КосшыФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Айта кетсек, Қосшы бағытында тіреулер орнатылып қойған. Бұған дейін құрылыс аумағындағы құлаған ағаштар туралы жазған болатынбыз. Кейін құрылыс жұмыстарына орын босату үшін ағаштар басқа жерге ауыстырып отырғызылып жатқаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Astana LRT-ға ресми түрде жаңа атау берілді: бекеттерде не өзгерген?

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +26
Ақтөбе +27
Атырау +30
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +32
Петропавл +27
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +28
О
Орал +29
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер