Қосшы бағытындағы LRT құрылысы аумағында құлаған ағаштар байқалды: не болып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қосшыға дейінгі LRT құрылысы Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Әлжабаев

Астана тұрғыны Қосшы бағытындағы LRT салынып жатқан жердегі құлаған ағаштарға назар аударды. Tengrinews.kz тілшілері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтады.


Астана тұрғыны Қосшы бағытындағы LRT салынып жатқан жердегі құлаған ағаштарға назар аударды. Tengrinews.kz тілшілері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтады.

Оқырманның Tengrinews.kz хабарлауынша, құрылыс маңынан өтіп бара жатып, ол Қарқаралы тасжолының бойында, дәл Қосшыға қарай бет алған тұста орналасқан Қазақ ұлттық спорт университетінің қарсысындағы ағаштардың кесіліп жатқанын байқаған.

Біз сол жерге барып, болашақ LRT тіректері салынып жатқан аумақтың қасында расымен де ағаштардың жатқанына көз жеткіздік.

Астана LRT-ның жаңа тіректері қарқынды салынып жатыр.

астана лртФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

LRTФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Шамасы, LRT-ның Қосшыға дейінгі бөлігі шамамен 15 жыл уақыт кеткен алғашқы кезеңге қарағанда әлдеқайда жылдам салынуы мүмкін.

строительные лесаФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жаңа құрылыс алаңында біз жұмысшыларды, арнайы техниканы, көптеген құрылыс материалдарын, болашақ жолдың бірнеше дайын тірегін және кесілген ағаштарды көрдік - әйтеуір, бізге бір көргеннен солай көрінді.

поваленные деревьяФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

дерево вырвано с корнемФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жасыл желектерді "жою" процесін жекелеген адамдар қадағалап тұрды. Кейбір ағаштар тамырымен жұлынып, содан кейін жүк көлігіне тиеліп, әкетіліп жатқанға ұқсайды.

работы на Астана LRTФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Біз түсініктеме алу үшін Астана LRT операторы - City Transportation Systems (CTS) компаниясына жүгіндік.

астана лртФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Ондағылар Астанада "Қаланың жаңа көлік жүйесі" жобасы аясында LRT-ның екінші кезегін салу үшін аумақты дайындау жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Зерттеуден кейін мамандар болашақ станциялар мен LRT инфрақұрылымының дәл аймағында орналасқан ағаштар мен бұталарды анықтаған. Барлығы 2 246 жасыл желек бар, оларды басқа жерге ауыстырып отырғызу жоспарланған.

строительство LRT до КосшыФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Көшелердің үйреншікті көрінісі мен көгалдандыруды сақтау үшін ағаштарды көршілес учаскелерге көшіруге уәде берілді. Бұдан бөлек, өтемақы ретінде ағаш отырғызу қарастырылған - егер олардың біреуі зақымдалса, бір ағаштың орнына 10 жаңа көшет отырғызылмақ.

астана лртФото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Құрылыс кезінде ауыстырып отырғызуды қажет етпейтін ағаштар мен бұталарды да сақтауға уәде берілді. CTS жұмыстардың экологиялық талаптар мен Қазақстан заңнамасын сақтай отырып жүргізілетініне сендірді.

Астанада LRT іске қосылды

Сенбіде, 16 мамырда Қазақстан Президенті Astana LRT жұмысын іске қосты. Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолаушы ретінде әуежайдан "Әуежай" станциясынан "Ұлттық музей" станциясына дейін барды.

LRT-ның әрбір құрамы 600-ден астам жолаушыны тасымалдауға есептелген. Ұзындығы 22,4 шақырымдық желіде 15 пойыз (4-еуі резервте болады) пилотсыз режимде қатынайтын болады.

Астаналықтар да жаңа қоғамдық көлікпен жүріп үлгерді. LRT жұмысының алғашқы күні кейбір тұрғындар станцияларға ұлттық киіммен келіп, ерекше атмосфера немесе қазіргі тілмен айтқанда "вайб" сыйлады. Вагондарда жолаушылар әнұран шырқап, шашу шашып, қуанышты көңіл күйлерін бөлісті.

Төтенше тоқтаулар да болмай қойған жоқ. CTS өкілдері мұны кейбір жолаушылардың тәртіп бұзуымен түсіндірді: адамдар қажеттіліксіз шұғыл тежеу түймесін басып немесе пойыз есіктерінің арасына қолдарын сұққан, бұл жүйенің жұмысын тежеген.

Оператордың мәліметінше, LRT жолаушылар ағыны жұмысының алғашқы күндерінде-ақ жобалық өткізу қабілетінен асып түскен. Тек соңғы тәулікте көліктің жаңа түрін 100 мыңға жуық адам пайдаланған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер