Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада жарты күнде 35-тен аса жол апаты болды

22 Қазан 2015, 14:26
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада жарты күннің ішінде 35-тен аса жол апаты тіркелді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасындағылар хабарлады.

"Жол апаттарының барлығын инспекторлар шұғыл реттеп, жолда кептеліс болмау үшін көпшелі топтар қызмет етіп жатыр. Қар тазалайтын техникалар да көшелерді тазалап жүр", - деп хабарлады ІІД ӘПБ өкілі Лариса Красникова. 

ІІД ӘПБ мәліметінше, жағдай таңертең тұрақты болды. Таңғы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, 15 жол апаты тіркелді, бұл көрсеткіш басқа күндермен салыстырғанда жоғары.

Айта кетейік, таңертеңнен бері Астанадағы қатынас қиындады. Тұрғындардың көпшілігі көліктерінің дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген. Дөңгелек ауыстыру орындарының қызметкерлері клиенттер санының күрт артқанын айтып отыр.

Ал әлеуметтік желілерде бұл тақырып қызу талқы үстінде.

© ВКонтакте/"Типичная Астана"

Иллюстрация © vk.com/astananews

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Астанадағы көктайғақтың тағы екі күн сақталатынын хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай