Астанада "жасыл экономика бойынша" дүниежүзілік стартап байқауының жеңімпаздары жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегия 2050 сайтына сілтеме жасап.
Астанада "жасыл экономика бойынша" дүниежүзілік стартап байқауының жеңімпаздары жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегия 2050 сайтына сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты "жасыл экономиканы", жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту үшін халықаралық инновациялық стартап-жобаларды, компанияларды, венчурлық қорларды және акселераторларды тарту, сондай-ақ халықаралық аренада ЭКСПО-2017 насихаттау болып табылады.
Ұйымдастырушылардың ойынша, Newenergy global startup fest - Қазақстан үшін негізгі жобалардың бірі, себебі ол ЭКСПО-2017 көрмесін танымал етеді. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады; халықаралық банктерді, инвестициялық және венчурлық қорларды тартады; сондай-ақ елімізде инновациялар мен стартап мәдениетін дамыту үшін жағдайлар жасайды.
Осылайша, байқау бірнеше кезеңмен өтті. 1 қазанға дейін іс-шараның ресми сайтында стартап-жобалар үшін қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды. Әлемнің 55 елінен 784 өтінім алынды - АҚШ, Австралия, Ресей, Қытай, Канада, Израиль Франция, Индонезия, Норвегия, Швеция, Ирландия, Үндістан, Түркия, Дания, Финляндия, Швейцария, Нигерия, Мысыр, Ангола және басқалары. Ұйымдастырушылар атап өткендей, байқауды осы саладағы үздік халықаралық сарапшылар бағалаған.
Сарапшылар 100 үздік жобаны таңдады. Стартаптар өздерін 90 секунд ішінде питчпен таныстырады. Келушілер де командалармен және әрбір жобаның көрме қабырғасындағы олардың әзірлемелерімен таныса алады.
Байқау қорытындылары бойынша Астана ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесіне қатысатын 30 үздік стартап-жобаны марапаттау рәсімі өтеді. Байқау демеушілері мен әріптестері үздік жобаларды арнайы сыйлықпен марапаттайды.
Newenergy global startup fest әлемнің 55 елінен 1500 қатысушы, сондай-ақ халықаралық инвесторлар, венчурлық қорлар, акселераторлар, бизнес ангелдер, ғылыми элита және баламалы энергетика саласындағы сарапшылар келеді деп күтілуде.