14 қараша 2016 10:47

Астанада жауған қардан қалада кептелістер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қардың көп мөлшерде жаууына байланысты жол кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен тәулікте жауған қардың салдарынан коммуналдық қызметтегілердің де жұмысы көбейген. Елорда тұрғындары қолайсыз ауа райына байланысты жол кептелісінде тұрған қоғамдық көліктерді күтуге мәжбүр болған.

Республика алаңындағы көлік кептелісі.

Астананың сол жақ жағалауындағы көлік қозғалысы да тоқтап қалған. Президент істері басқармасының ауруханасынан Министрліктер үйіне дейін жету үшін бір сағат кетті. Көп мөлшерде жауған қардың салдарынан коммуналдық қызметтегілердің жұмысы күшейтілген болатын. Бұл туралы осыған дейін елорданың әкімдігіндегілер хабарлаған еді.

© Tengrinews.kz

"Астана тұрғындары мен қонақтары жақын арада абай болуы қажет. Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, Мәскеуде шамамен 900 жол-көлік оқиғасы болып, өткен тәулікте 26 адам зардап шеккен. Қараша айында ауа райы тез өзгереді. Сондықтан да абай болу қажет. Барлық коммуналдық қызметтегілердің жұмысы күшейтіледі", - деп жазған еді осыған дейін Астана әкімі Әсет Исекешев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети