21 қыркүйек 2017 15:56

Астанада жазда 71 бала биіктіктен құлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ngs24.ru © ngs24.ru

Астанада жаз кезінде балалардың терезеден құлауы жиілеген болатын, алайда балалар травматизмінің басқа көрсеткіштері көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиа орталығы.


Астанада жаз кезінде балалардың терезеден құлауы жиілеген болатын, алайда балалар травматизмінің басқа көрсеткіштері көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Жаз мезгілінде кәмелетке толмаған балалардың биіктіктен құлауы жиілей түседі. Тек осы күнге дейін елордада 71 бала биіктіктен құлады. Оның 43-і көпқабатты тұрғын үйлердің терезесі мен балконынан құлағаны анықталды. Бүгінде күннің суытуына байланысты биіктен құлаудың азайғаны байқалады. Есесіне күйік шалып, түрлі жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер саны күрт өсті", - деді №2 қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Баймахан Садуов.

Оның айтуынша, әдетте жаз мезгілдерінде балалардың биіктіктен құлауы көбейсе, пеш жағу маусымы кезінде күйік шалып, түтінге улану оқиғасы жиілей түсетін көрінеді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың токқа түсуі де көбейген.

"Жыл басынан бері біздің ауруханаға абайсызда тоққа түскен 20-30 бала жеткізілді. Күні кеше ғана жоғары вольтты тоққа түскен бір баланың қолын кесуге тура келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көп жағдайда балалар ашық жатқан сымдарды ұстап, не қолына түскен затты тоққа қыстыру салдарынан болып отыр", - деді Садуов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети