07 мамыр 2015 | 10:53

Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылғы парад. @Тұрар Қазанғапов 2014 жылғы парад. @Тұрар Қазанғапов

Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қорғаныс министрлігі бұл парадты ҚР тарихындағы ең ірі парад деп атап үлгерді. Мұнда жылдағыдан екі есе көп жеке құрам әскері мен әскери техника қатысады. "Бұл - қазақстандық әскери күштердің барлық түрі қатысатын және ауқымы жағынан бұған дейін ұйымдастырылған әскери парадтан асып түсетін ерекше мерейтойлық шара", - деді Қорғаныс министрілінің өкілдері.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қорғаныс министрлігі бұл парадты ҚР тарихындағы ең ірі парад деп атап үлгерді. Мұнда жылдағыдан екі есе көп жеке құрам әскері мен әскери техника қатысады. "Бұл - қазақстандық әскери күштердің барлық түрі қатысатын және ауқымы жағынан бұған дейін ұйымдастырылған әскери парадтан асып түсетін ерекше мерейтойлық шара", - деді Қорғаныс министрілінің өкілдері.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шарада ҚР мемлекеттік Туы мен осыдан 70 жыл бұрын Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстагқа тіккен туының көшірмесі - Жеңістің қызыл Нышаны жеке-жеке алынып шығылды. Сонымен қатар, парадтағы техникалық әскери құрылғыларды Т-72Б танкі бастап шықты. 

Әскери парад мемлекеттік 5 телеарнадан қаланың бес алаңынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, парадтың тікелей көрсетілімін Tengrinews.TV арнасынан да көруге болады.

Осыған дейін елімізде әскери парадтар 2005, 2009, 2011 және 2014 жылдары өтті. Былтыр салтанатты шараға жоғары әскери оқу орындарынан 2 600 сарбаз, 217 әскери техника мен 73 әуе техникасы қатысты.

Сонымен қатар, Астанадағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадта әйгілі "Катюша" қатысатыны хабарланды.

Парад екі бөлімнен тұрады - тарихи және заманауи. Шараның тарихи бөліміне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 40 түрлі техника қатысады. Олардың қатарында 27 түрлі әскери техника мен қару-жарақ (Т-34 танкі, ЗИС-2 зеңбірегі мен М-30 гаубицалары бар ЗиЛ-157, "Катюша" БМ-13 РС-30 бен "Максим" пулеметі) пен 9 ұшу аппараты (АН-2 мен TL-2000) бар. Парадқа қатысатын техникаларды тиісті қалыпқа келтіру үшін оларды "Семей инжиниринг" отандық зауытында жөндеуден өткізу жоспарланды.

Айта кетейік, әскери парадтың тарихи бөлімінде механикаландырылған саптан өзге жаяу парадты әскердің қатысуы жоспарланып отыр. 300-ден аса қазақстандық әскери қызметші Қызыл армия нысанындағы киім үлгілерін, оның ішінде жадағай-шатырлары мен қаруларын асынып өтеді.

Сонымен қатар, парадта ҚР Қарулы Күштерінің жалғыз мерген қызының қатысатыны хабарланған болатын. Мерген қыз "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде қызмет етеді. Кіші сержант Динара Рысбекова қыздарға арналмаған мамандық көрінетін салада өз жұмысын тыңғылықты атқарады.

"Шеруге қатысу - Қазақстан армиясына деген мақтанышымның көрінісі. Бұл сезім Президентіміздің қабылдауында болғанымнан кейін күшейе түсті. Мемлекет басшысы біздің игі істер мен талпыныстарға шабыттандырады", - дейді мерген Динара Рысбекова. Еске сала кетейік, ол қоғамдағы басқа сала өкілдерінің қыз-келіншектерімен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуында болды. Қыздың айтуынша, осындай мамандықты Кеңес Үкіметінің қаһарман-мерген қызы Әлия Молдағұловаға ұқсағысы келіп таңдаған екен.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі парадта 75 заманауи әуе техникасы мен 9 ұшу аппараттары қатысатын авиашоу ұйымдастыруға уәде берді.

Алаңда тарихи және заманауи бөлімнің механикалық және жаяу парадтық маршы болғаннан кейін Астана аспанында Ми-8, Ми-17, Ми-26, ЕС-145 әсери тікұшақтары, авиацияның Ту-134, Ту-154, АН-26, АН-72 әскери-транспорт және Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 фронттық ұшақтары пайда болады.

Көрсетілетін шоудың жалпы жоспары құпия сақталып отыр. Бірақ ұшқыштар мерейтойдың символы ретінде ұшақтардан аспанда 70 санын бейнелеу, кейін жеке және әртүрлі ұшқыштық құрамда үздік ұшқыштық бейнелер орындау идеяларын айтып қалған болатын. Парадтың тарихи бөліміне 9 және заманауи бөліміне 185 білікті қазақстандық ұшқыш іріктеліп алынды.

Кейін Шымкентте ұшқыштардың 70 санын аспанда бейнелегені хабарланды. 

Сонымен қатар, Жеңіс парадына қатысу үшін Ресейден жаңа Су-30СМ жойғыш құралдың әкелінгені белгілі болды.

Кейін Tengrinews.kz 7 мамырда Астанада өтетін парадтағы автокөліктердің қозғалыс схемасын жариялады. Сонымен қатар, Астанадағы парадты арнайы шақыру билеті барлар ғана тамашалай алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети