16 наурыз 2015 11:16

Әйгілі "Катюша" Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа аты аңызға айналған "Катюша" қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа аты аңызға айналған "Катюша" қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери парад мағыналық құрылымына қарай екі бөлімнен тұрады: тарихи және заманауи. Парадқа қатысу үшін соғыс уақытында пайдаланылған 40-қа жуық қару-жарақ пен әскери және авиациялық техника жөнделіп жатыр.

"Шараның тарихи бөліміне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 36 түрлі техника қатысады. Олардың қатарында 27 түрлі әскери техника мен қару-жарақ (Т-34 танкі, ЗИС-2 зеңбірегі мен М-30 гаубицалары бар ЗиЛ-157, "Катюша" БМ-13 РС-30 бен "Максим" пулеметі) пен 9 ұшу аппараты (АН-2 мен TL-2000) бар. Парадқа қатысатын техникаларды тиісті қалыпқа келтіру үшін олар қазіргі таңда "Семей инжиниринг" отандық зауытында жөндеуден өтіп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әскери парадтың тарихи бөлімінде механикаландырылған саптан өзге жаяу парадты әскердің қатысуы жоспарланып отыр. 300-ден аса қазақстандық әскери қызметші Қызыл армия нысанындағы киім үлгілерін, оның ішінде жадағай-шатырлары мен қаруларын асынып өтеді. Алдағы парад - еліміздің Қарулы Күштері тарихындағы елеулі оқиға болады. Бұл - қазақстандық әскери күштердің барлық түрі қатысатын және ауқымы жағынан бұған дейін ұйымдастырылған әскери парадтан асып түсетін ерекше мерейтойлық шара.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін әскери шеруге ҚР Қарулы Күштерінің жалғыз мерген қызының қатысатыны хабарланған болатын. Мерген қыз "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде қызмет етеді. Кіші сержант Динара Рысбекова қыздарға арналмаған мамандық көрінетін салада өз жұмысын тыңғылықты атқарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети