ҚР Қарулы Күштерінің жалғыз мерген қызы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысады

11 Наурыз 2015, 11:47
0
ҚР Қарулы Күштерінің жалғыз мерген қызы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысады - ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін әскери шеруге ҚР Қарулы Күштерінің жалғыз мерген қызы қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерген қыз "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ведомствоның хабарлауынша, кіші сержант Динара Рысбекова қыздарға арналмаған мамандық көрінетін салада өз жұмысын тыңғылықты атқарады.

"Қаһарман-мерген Әлия Молдағұлова жайлы фильмді қалай көргенім есімде, оның батылдығына тәнті болдым және оған ұқсауға тырыстым", - дейді Динара. "Бұл оңай мамандық емес. Далада қар жауып, аяз түсіп немесе жаңбыр құйып, аптап болып тұрса да, жаттығуға арналған барлық тапсырмасын өз командирің мен қызметтестеріңнің үдесінен шығу үшін орындауға тура келеді". 

"Мерген қыз өз біліктілігін үздіксіз жаттығулар арқылы шыңдап келеді. Мұнда 44736 әскери бөлімде қарудан оқ ату - күнделікті шара", - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Әскери қызметші қазір алдағы мамырда өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға арналған әскери шеруге тынбай әзірленіп жатыр. Ол өз қызметі барысында мұндай үлкен парадқа тұңғыш рет қатысқалы отыр. "Шеруге қатысу - Қазақстан армиясына деген мақтанышымның көрінісі. Бұл сезім Президентіміздің қабылдауында болғанымнан кейін күшейе түсті. Мемлекет басшысы біздің игі істер мен талпыныстарға шабыттандырады", - дейді мерген Динара Рысбекова.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай