06 наурыз 2015 15:43

Мемлекет басшысы қыз-келіншектерге бірнеше кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қыз-келіншектеріне бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қыз-келіншектеріне бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әйел, ең алдымен, өз балаларынан, өз үстелінен, дүкенге барғанда өз қалтасынан әл-ауқатты сезінеді. Сондықтан мемлекет халықтың әл-ауқатын ойлаған кезде, ол, ең алдымен, отбасының ұйытқысы - сіздер туралы ойлаған болып шығады. Ал біз, ерлер, сіздерсіз қайда барамыз?! Төңіректеріңізде жүреміз. Бірақ бізді де тұсаулап ұстау керек: айналып-айналып қазығын табатындай. Сонда отбасы берік болады", - деді ол Ақордада 8 Наурыз қарсаңында Қазақстан әйелдерімен кездескен кезде. 

Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамның моральдық негізін сақтаудағы ролінің ерекше екенін айтты. "Әрине, мені жастар арасында байқалатын кейбір сәттер алаңдатады. Ажырасулар, басқа да жағдайлар аз емес. Мұндай жайттар қашанда болған, бірақ қазір мінез-құлық еркін бола бастады. Соған қарамастан, мемлекеттің моральдық негізі сіздерге байланысты. Егер әйел адам көшеде басын тік көтеріп, ешкімге қарамай жүрсе, оған ешкім де жақындамайды. Ал егер ол жан-жағына көзін сүзетін болса, оған бәрі жабыса бастайды", - деді Президент. 

"Шын мәнінде, еркектерді сіздер таңдайсыздар, олар сіздерді емес. Олар өздерінше солай ойлайды. Сондықтан бәрі жақсы болуы үшін дұрыс таңдау жасаңыздар", - деді Мемлекет басшысы. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети