Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы кеңейтілген құрамда өтіп жатыр.
Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларымен қатар, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса және Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабак қатысып жатыр.

Кеңес отырысы басталар алдында мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.
29 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты.
Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударды. Дәл осы күні, яғни, 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан елордасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған болатын.