28 қараша 2017 16:46

Астанада жол ақысын 150 теңгеге дейін қымбаттату ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы № 3 автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов қоғамдық көліктегі жол ақысы тарифтеріне өзгерістер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы № 3 автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов қоғамдық көліктегі жол ақысы тарифтеріне өзгерістер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бауыржан Тілеубергеновтің айтуынша, электрондық түрдегі төлеу жүйесіне тезірек өту үшін автобустардағы жол ақысының тарифтеріне өзгертулер енгізу керек.

"Бүгінде Алматыда бірыңғай сараланған тариф енгізілді. Оларда жол ақысы картамен 80 теңге, ал қолма-қол төлемде 120 теңге. Меніңше, бізде картамен 90 теңге, ал қолма-қол төлем үшін 150 теңге алу керек. Бұл электрондық төлем жүйесіне тезірек өтуге себеп болады", - деді Бауыржан Тілеубергенов "Астана LRT" ЖШС баспасөз туры барысында.

Сондай-ақ, ол автобус кондукторлары қоғамдық көлік жолаушыларынан билеттерді бермей қоятын жағдайлардың жиі болатынын айтып өтті.

"Автобустарда осындай кондукторларды көргім келмейді. Себебі оларға қатысты көп шағым түсіп жатады. Олардың жұмыссыз қалатындарын да түсініп отырмын, бірақ үнемі оларға қатысты шағымдарды естіп отыра алмаймын", - деді № 3 автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов.

Осыған дейін Бауыржан Тілеубергенов елордадағы автобус жүргізушілердің қанша жалақы алатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети