Астанада жылытылған аялдамалар тұрғындардың наразылығын тудырды

13 Шілде 2016, 11:41
0
Астанада жылытылған аялдамалар тұрғындардың наразылығын тудырды - © Тимур Асылханов
© Тимур Асылханов

Астанада жылытылған аялдамалар тұрғындардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінің қолданушысы Тимур Асылханов күннің аптап ыстығында аялдамаларда салқындатқыштың жұмыс істемейтінін жазды.

"Бүгін де күн ыстық. Қаладағы аялдамалардың іші салқындау шығар деп ойласам, олардың есіктері ашық. Ал іші ыстық, салқындатқыштар жұмыс істемейді. Содан Встреча ауданы Абылайхан даңғылында орналасқан екі аялдамаға барып қайттым. Онда да сол жағдай. Есіктері ашық, далаға қарағанда аялдаманың іші ыстық", - деп жазды Асылханов.


© Тимур Асылханов

Ал жолаушылар көлігі басқармасындағылардың айтуынша, қазіргі кезде Астанада 27 жабық аялдама бар. Ол аялдамаларда тек желдеткіш жүйесі жұмыс істейді, салқындатқыштар орнатылмаған. "Жаңа аялдамаларда қыс пен жаз уақытында автобустарды күту үшін тұрғындарға барлық жағдай жасалады", - деді басқарманың өкілдері.

Сонымен қатар, қалалық көлік басқармасы өкілдерінің айтуынша, Астанада 13 шілдеде де ауа температурасы 30 градаустан жоғары болады. "Осыған байланысты демалыс және жұмыс уақытында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеміз. Аптап ыстық кезде газдалмаған сусын ішуге және бас киім киюге кеңес береміз", - деді жолаушылар көлігі басқармасындағылар.

Осыған дейін Астана қаласының бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков жылытылған аялдамаларда салқындатқыштың жұмыс істейтінін айтқан болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай