1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Астанада Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары маусымда басталады

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары биылғы маусым айында басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Есіл өзені көпірінен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына" дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары биыл 1 маусымында басталады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елорда үшін маңызды нысанның құрылыс науқанына дайындығын тексерді. 

Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырым болатын "Салтанат сарайы" мен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" арасында жатқан Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.

Мердігер ұйым - China Xinxing Group Co., Ltd компаниясы мен "СП Сине Мидас Строй" ЖШС консорциумы. ТЭН авторы - "АстанаСтройПроектСервис-М" ЖШС. Келісім негізіндегі сома - 88 985,9 миллион теңге. Жол ұзындығы - 17,353 шақырым.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!