14 маусым 2024 14:16

Астанада қай жолдар жабық: тізім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елорда әкімдігі Астанада қай жолдар жабық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елорда әкімдігі Астанада қай жолдар жабық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 маусымында сол жағалаудағы жолдарды орташа жөндеу бойынша жағдай келесідей:

Б.Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі Сарайшық көшесі бойынша жол қозғалысы жоғарғы қабатты төсеу үшін толығымен жабылған. Жұмыстарды 2024 жылғы 17 маусымда сағат 6:00-ге дейін аяқтау жоспарланған.

Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылы қиылысы да толығымен жабылды. Жұмыстарды бүгін, 2024 жылғы 14 маусымда сағат 23: 00-ге дейін аяқтау жоспарланған.

Қабанбай батыр даңғылы бойынша Ұлы Даладан Хусейн бен Талалға дейінгі жол да шектелген. Жұмыстарды бүгін, 2024 жылғы 14 маусымда, кешкі уақытқа дейін аяқтау жоспарланған.

Мәңгілік Ел даңғылы жағынан Марал көпірі бағытында жол ашық. Қазіргі уақытта Тәуелсіздік көпірі арқылы жол жүру қозғалысы да қамтамасыз етілген.

"Егер былтыр негізгі жұмыстар тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің нысандарын: ауыз су станциясын (НФС-3), "Тұран", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станцияларын салуға және пайдалануға беруге бағытталса, биыл жол инфрақұрылымына баса назар аударылады.

Демек, биыл жол құрылысы мен жөндеу көлемі ұлғайды. Сонымен қатар, климаттық ау райын ескере отырып, елордада жол жұмыстарының маусымы қысқа екенін атап өтеміз. Сондықтан жолшылар жол қозғалысын ескере отырып, бірден бірнеше көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети