31 тамыз 2017 13:29

Астанада кептеліске байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойынша бесжолақты қозғалыс енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада кептеліске байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойынша бесжолақты қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Астанада кептеліске байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойынша бесжолақты қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

"Күн суығанша қоғамдық көлік қозғалысыныцң тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ қаланың көше жолдарындағы жүктемені азайту аясында Қабанбай батыр даңғылы бойында Сығанақ көшесінен орамды жол айрығына дейінгі аумақта Bus lane қоғамдық көліктері үшін қолданыстағы жолақтарды сақтай отырып, бесжолақты қозғалыс енгізілуде. Даңғылдың геометриялық параметрлері белгіні өзгерте отырып, бұл шешімді қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 


© astana.gov.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда бұл жер арқылы 27 бағыт 340 мың адам жолаушылар ағынын қамтып өтеді. Bus lane жобасы бағыттардың тиімділігін 25 пайызға арттарып, өзінің шарапатын тигізді. Күту уақытымен, жолдағы уақытты қысқартып, автобустарды пайдалану мерзімін ұзартты.

Қабанбай батыр даңғылы бойынша көлік құралдарының көптігі тәулігіне 46 мыңға жуық бірлікті құрайды. Аталған участкеде қаладан шыға берісте жиі кептеліс орын алады. Осыған байланысты қаладан шыға беріс бағытта қосымша жолақ салу шешімі қабылданды. Айта кету керек, жаңа оқу жылының басынан қалада трафик қарқыны 15 пайызға ұлғаяды деп күтіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети