25 қараша 2015 18:20

Астанада көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Астанада көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде 25 және 26 қарашада күннің екінші жартысында, Астанада 25 қарашада, 26 қарашада күннің екінші жартысында көктайғақ болады.

"ҚР ІІМ ТЖК қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтап, зардап шекпеу үшін көшеде және жолдарда абай болуды ескертеді", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақтың болатынын ескерткен еді. "Қазір Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарындағы көктайғақ шығысқа ауысады. Ал таяу күндері 27-28 қарашада республиканың басым аумағында жауын-шашынды болады және көктайғаққа айналады. Алдағы үш тәулікте көктайғақ сақталады", - деді "Қазгидромет" кәсіпорнының жетекші инженер-синоптигі Алуа Саханова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети