Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақтың болатынын ескертті

25 Қараша 2015, 16:59
0
© Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Таяу күндері Қазақстанның барлығына жуық аумағында көктайғақ күтіледі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" мамандары хабарлады.

Қазақстан метеоқызметінің синоптиктері жасаған қысқа мерзімді болжамдар бойынша, 26-28 қараша аралығында еліміздің барлық өңірінде көктайғақ күтіледі. 

"Қазір Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарындағы көктайғақ шығысқа ауысады. Ал таяу күндері 27-28 қарашада республиканың басым аумағында жауын-шашынды болады және көктайғаққа айналады. Алдағы үш тәулікте көктайғақ сақталады", - деді "Қазгидромет" кәсіпорнының жетекші инженер-синоптигі Алуа Саханова.

Синоптиктің мәліметінше, таяу күндері антициклонның орнына Ресейдің еуропалық аумағынан және Каспийдің оңтүстігінен циклон мен атмосфералық фронттар келеді. "Осыған байланысты жауын-шашын, қар аралас жаңбыр және Қазақстанның барлық облысында көктайғақ күтіледі. Бірақ 28 қарашада батысқа кезекті антициклон келіп, жауын-шашын тоқтайды", - деді Саханова.

Таяу күндердегі ауа температурасы туралы айтқан маман, оның әлі де климаттық нормадан 5-10 градусқа жоғары болатынын хабарлады. Солтүстік-батыста түнде 0-10 градус суық, күндіз -2+3 градус жылы, кей жерлерде 8 градус суық болады. Орталықта түнде 0-5, кей жерлерде 15-20 градус аяз болады, күндіз 2-7 градус жылы, кей жерлерде 2-7 градус суық болады.

Шығыста түнде 0-12 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5 градус суық болады. Оңтүстікте жылы болады, түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус суық, күндіз 5-15 градус жылы болады. Батыста 28 қарашаға қараған түні ауа температурасы төмендей түседі. Түнде 0-5 градус суық, кей жерлерде 3 градус жылы - 11 градус суық, ал күндіз 0-7 градус жылы және 0-5 градус суық болады.

Метеоқызмет маманы елорданың ауа райына да тоқталды. Ертең Астанада ала бұлтты болып, түнде жауын-шашын күтіледі. "Бүгін түнде ауа температурасы 3-5 градус, күндіз 0-2 градус суық болады. 27 қарашада жауын-шашынсыз болып, оңтүстіктен жел соғады, түнде 2-4 градус суық, күндіз 0 градус шамасында болады. 28 қарашада қар жауып, бұрқасындатады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 5-7 градус, күндіз 2-4 градус суық болады", - деді Саханова.

Еске сала кетейік, еліміздің кейбір облыстарында көктайғақ нағыз проблемаға айналды. Қостанай көшелері жаңбырдан кейін мұз айдынына айналды. Көктайғақтың салдарынан зардап шеккен адамдардың саны 250-ден асты. Ақмола облысында көктайғақтың салдарынан жүзден аса адам дәрігердің көмегіне жүгінді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай