02 қараша 2022 08:33

Астанада қызын сүйреп жүріп ұрған әйелге қатысты сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көшеде қызын сүйреп жүріп ұрған әйелге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада көшеде қызын сүйреп жүріп ұрған әйелге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 қазанда Желіде әйелдің қызын сүйреп ұрғаны, сосын жақын маңда тұрған көлікке басын соққаны түсірілген видео тараған болатын. Бұл дерек Алматы ауданының полиция департаментінде тіркелді. Бүгін елордалық сотта аталған іс бойынша шешім шығарылды.

"Сотта анасы қызды жалаңаяқ, сырт киімсіз, спорт формасымен көшеге шығарып, басын көлікке ұрғаны анықталды. Сот барысында анасы әрекетін мойындамай, қызын көлікке отырғызып, есікті жабуға тырысқанын айтты. Осы кезде қызы көлікке отырудан бас тартып, автокөлікке шынтағын соғып алған", - делінген сот таратқан хабарламада.

Сотта баланы ұрып-соғу дерегі видеомен расталды.

Сондай-ақ, сот анасының мінез-құлқын жас баланың дамуына жол бермейтін және зиян тигізетін қылық деп, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі).

"ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаны көздейді. Сот анасына ең жоғары жаза - 10 АЕК (31 800 тенге) көлемінде айыппұл тағайындады", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети