Астанада көшелердің бір бөлігі жабылып, аспанға әскери авиация көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көшелердің бір бөлігі жабылып, аспанға әскери авиация көтеріледі Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ресей президентінің мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық пен оларды өткізуге байланысты 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.


Ресей президентінің мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық пен оларды өткізуге байланысты 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған хабарламаға сәйкес, іс-шаралар барысында арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердің ресурстары, оның ішінде әскери авиация мен техника пайдаланылады. Сонымен қатар бұл күндері Астана аспанында Қорғаныс министрлігі майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп мәлімдеді МКҚ.

Бұған дейін, 27-29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келетіні хабарланған болатын.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.64   551.26   6.61 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +25
Ақтау +22
Ақтөбе +29
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +25
П
Павлодар +30
Петропавл +22
С
Семей +26
Т
Талдықорған +25
Тараз +30
Түркістан +31
О
Орал +20
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер