Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанада лазерлі шоу кезінде мыңдаған от аспанды жарқыратты

06 Шілде 2015, 00:17
0

Астанада Қала күніне арналған "Нұрлы Есіл" мультимедиалық лазерлі-пиротехникалық шоу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоуға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен және Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен қатысты. 

Астана күні дәстүрлі түрде жағалауда басталды. Биыл ұйымдастырушылар мұнда бірнеше шараны қолға алды. Олардың бірі "Дыбыс өзені" классикалық музыка кещі. Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңда осымен бірнеше жылдан бері хореографиялық қойылымдар өтіп келеді. Таяуда және бүгін қала тұрғындары мен қонақтар өнер шедеврлерінен ләззат алу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан кейін көрермендер лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады. 

Есіл өзенінде орналасқан 1000 шаршы метрлік сахнада симфониялық оркестрдің әсем әуенімен би және хореографиялық қойылым болды. Сахна шеттерінде биіктігі 12 метр болатын субұрқақтар орнатылған, сонымен қатар, 100 метрге жуық биіктігі бар бір субұрқақ құрылған. Арнайы су экранында түрлі көркем видеороликтер жаңа жарықлазер технологиясы арқылы ойналды. Шоу кезінде су экранында қаланы түрлі тілдерде құттықтау сөздер жазылды, субұрқақтарда жаңа жарықлазерлі технологияның қолданылуымен Астананың айшықты орындары көрсетілді.

Айта кетейік, сахнадаға барлық іс-әрекеттер эстрада-симфониялық оркестрдің әнімен қатар болып, ол 40 минутқа жалғасты. Бұған дейін ұйымдастырушылар қашықтығы бір шақырым болатын жерде қуатты жарық құрылғыларының, "Фалькон" деп аталатын зенит жарық құралдарының орналытанын атап өткен еді.

Астана күні дәстүрлі түрде 4-6 шілде аралығында атап өтіледі. Биыл 70-ке таяу іс-шара өткізіледі, олардың басым бөлігі қаланың ашық аспан алаңдарында болады деп жоспарланған. Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана күнін тойлауды ресми түрде бастап берген болатын. Елбасы Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, курсанттарға офицерлерлік погон табыстады. Биыл Астана 17-ші рет туған күнін тойлап отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай