12 қазан 2018 09:31

Астанада лицей оқушыларының мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен тамақтанғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: facebook.com Сурет: facebook.com

Астанада жақында ашылған мектеп-лицей оқушыларын шіріп кеткен жемістер мен мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен тамақтандырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі "Елорда Инфо" сайтына сілтеме жасап. 


Астанада жақында ашылған мектеп-лицей оқушыларын шіріп кеткен жемістер мен мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен тамақтандырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі "Елорда Инфо" сайтына сілтеме жасап. 

Осыған дейін 2018 жылдың қыркүйегінде Катар мемлекеттік даму қорының қолдауымен салынған №85 мектеп-лицейінің ата-аналары білім ордасының азық-түлік сапасы жайлы әлеуметтік желіде жазған. 

"№85 мектептің белсенді ата-аналары балаларының жүрегінің айнығанын, іші ауырғанын және тамақ сапасынының төмен екенін айтып шағымданды. Комиссия өкілдері асхананы тексерді, барлығы сурет пен видеода көрініп-ақ тұр. Балық пен күріш Қытайдан әкелінген, өнімдердің мерзімі өтіп кеткен болмаса төменгі сорттан жасалған. Мұндай азық-түлікпен бастауыш сынып оқушылары тамақтанады", - деп жазды Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Раушан Нұрғалымова "Астана - Что? Где? Когда?" тобында. 

Басқармадағылар осыған байланысты сараптама жүргізді. Азық-түлік өнімдерін жеткізушілер, ата-аналар мен мектеп әкімшілігіндегілер кездесу ұйымдастырды. 

"Ата-аналар жазған барлық дәйек расталды. Кездесу қорытындысы бойынша, өнім жеткізушілер келешекте  мұндай фактілерді болдырмауға уәде берді. Ал мектеп әкімшілігіне азық-түліктің сапасы мен азық-түлік өнімдерін сақтау жөніндегі бақылау комиссиясының жұмысын күшейту міндеті жүктелді. Барлық наразылық пен өнім мерзімі сарапшы журналына тіркелді", - деп жауап берді білім беру басқармасындағылар.

Осы мектептің оқушыларын азық-түлікпен қамтамасыз ететін компания өкілдері асхананы құрал-жабдықтармен қамтамыз етуге 15 миллион теңге қаражат бөлгені белгілі. Оқу ордасы Астанада салтанатты түрде жаңа оқу жылы басталған уақытта ашылған. Сондай-ақ, бірінші қыркүйек күні мектепке Елбасы келген. 

Басылымның мәліметінше, №85 мектеп оқушылары ата-аналарының бұл бірінші шағымы емес. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети