Астанада LRT іске қосылатыны жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада LRT іске қосылатыны жарияланды Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанада LRT іске қосылатыны жарияланды. Алғашқы жолаушылар жеңіл рельсті көлік жүйесін осы аптада-ақ пайдалана алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада LRT іске қосылатыны жарияланды. Алғашқы жолаушылар жеңіл рельсті көлік жүйесін осы аптада-ақ пайдалана алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

LRT қашан іске қосылады?

City Transportation Systems (CTS) компаниясының хабарлауынша, қозғалысты ресми іске қосу осы аптаға жоспарланған. Нақты күнін журналистерге бүгін брифингте айтуға уәде берді.

Қазіргі уақытта жоба дайындықтың соңғы кезеңінде. Елордада пойыздарды сынақтан өткізу, қауіпсіздік жүйелерін тексеру және инфрақұрылымды баптау жұмыстары жалғасып жатыр.

LRT-ны сынақтан өткізу 2025 жылдың 29 қыркүйегінде басталған және ол кемінде 6 айға созылуы тиіс еді. Бұған дейін CTS пойыздардың сағатына 40–50 шақырым жылдамдықпен қатынайтынын, "Нұрлы жол" станциясынан әуежайға дейінгі жол шамамен 40 минутты алатынын, ал қозғалыс аралығы учаскеге байланысты 5 минуттан 10 минутқа дейін болатынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, LRT бағыты елорданың маңызды нүктелерін байланыстырады. Желі халықаралық әуежайдан басталып (сол жерде пойыздарға қызмет көрсетуге арналған депо салынды), "Нұрлы жол" вокзалына дейін барады. Жол бойында қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтетін барлығы 18 станция бар.

станции LRT

"Астана LRT" станциялары: 101 - "Әуежай"; 102 - "Атамекен"; 103 - "Есіл"; 104 - "Мәңгілік ел"; 105 - "Астана жұлдызы"; 106 - "Нұра"; 107 - "Университет"; 108 - "Ұлы дала"; 109 - "Астана Арена"; 110 - "Жекпе-жек сарайы"; 111 - "Сығанақ"; 112 - "Бәйтерек"; 113 - "Министрліктер үйі"; 114 - "Ұлттық музей"; 115 - "Театр"; 116 - "Мыңжылдық аллеясы"; 117 - "Жібек жолы"; 118 - "Нұрлы жол".

Болашақта қала билігі желіні қала маңындағы Қосшыға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Жобаның екінші кезеңіне дайындық басталып та кетті - жақында эстакаданың жаңа учаскесі үшін алғашқы темірбетон арқалығы құйылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер