21 мамыр 2015 13:57

Астанада мамырдың соңында Сирия оппозициясымен келіссөздер өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аkorda.kz © Аkorda.kz

Мамыр айының соңында Астанада Сирия оппозициясы өкілдерімен келіссөздер өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мамыр айының соңында Астанада Сирия оппозициясы өкілдерімен келіссөздер өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада Сирия оппозициясы өкілдерімен келіссөздер алдағы аптада өтеді деп күтіліп отыр", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада өтіп жатқан экономикалық форумда. Оның хабарламасын ҚР ІІМ Twitter-аккаунты жариялады.

Осыған дейін Сирия оппозициясының өздеріндегі жағдайды реттеуге қатысты келісімдер өткізуге көмектесуді өтініп Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми хат жолдағанын Сыртқы істер министрлігі растады. Ведомство Қазақстан БҰҰ, Араб мемлекеттер лигасы, АҚШ, РФ өкілдік еткен халықаралық қауымдастықтың қабылдап отырған шараларын, сонымен қатар сириялық билік пен оппозицияның зорлық-зомбылық пен қантөгісті тез арада тоқтату мақсатында өзара үнқатысу мен татулық арқылы Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған күш-жігерін қолдайтынын хабарлады.

Айта кетейік, Астанада Сирия оппозициясы өкілдерімен келіссөздер барысында гуманитарлық көмек жеткізу және шиеленісті шешудің саяси жолдары қаралады. Сирия оппозициясының басшысы Ранда Кассис оппозияшылармен келіссөз жүргізуді белгілеп қойғанын айтты. Оның айтуынша, Сириядан Астанаға келуге бірнеше офицер келіскен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети