ІІД баспасөз қызметі Астанада жолаушылар автобусының неліктен тоқтатылғаны жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ІІД баспасөз қызметі Астанада жолаушылар автобусының неліктен тоқтатылғаны жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"ІІД-нің жедел әрекет ету орталығына №51 маршрутындағы автобустың ішінде сырт киімінің ішінде оқ өтпейтін кеудеше киген және қолында чемоданы бар күмәнді ер адамның кетіп бара жатқаны хабарланған. Осы мәліметті алған полицейлер камералар арқылы автобус маршрутын бақылап, сол жерге полиция жасағын жіберген. Тексеріс барысында ешқандай күмәнді заттар табылған жоқ. Ақпарат расталмады", - деді Астана ІІД-дегілер.
Осыған дейін, Астана орталығында полицейлер жолаушылар автобусын тоқтатқан. Оқиға орнынан Tengrinews.kz тілшісінің айтуынша, полиция қызметкерлері Орынбор даңғылының бойында (Министрлер үйіне қарсы жолда) №51 маршрутындағы автобусты тоқтатқан. Барлық жолаушыны автобустан түсірген. Автобусты толығымен тексеріп болғаннан кейін, олар жүргізуші мен кондукторды белгісіз бағытта алып кеткен еді.