04 шілде 2016 14:45

Астанада Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 54 жастағы бұрынғы денсаулық сақтау министрінің қазасы туралы 3 шілдеде хабарланды. Қоштасу рәсімі 5 шілдеде сағат 11.00-де Қарағанды облысы Киевка ауылында өтті.


Астанада Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 54 жастағы бұрынғы денсаулық сақтау министрінің қазасы туралы 3 шілдеде хабарланды. Қоштасу рәсімі 5 шілдеде сағат 11.00-де Қарағанды облысы Киевка ауылында өтті.

Қайырбековамен қоштасу рәсіміне ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин, премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, министрлер: Қалмұханбет Қасымов, Тамара Дүйсенова, Қуандық Бишімбаев, Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, академик Төрегелді Шорманов пен Парламент депутаттары, сондай-ақ еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері келді.

Сонымен қатар, мемлекет хатшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқи отырып, Салидат Қайырбекованың жоғары кәсібилігін атап өтті. "Ол еңбекқор еді. Барлық істің жақсы қырларын көретін. Ол денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына бар үлесін қосты. Салидат Қайырбекова біздің есімізде қалады", - деді Әбдіқалықова.

"Біреу үшін ол мұғалім болды, біреу үшін дос болды, ал тағы біреу үшін әріптес болды. Біздің салада ол үлкен жұмыс атқарды. Олардың арасында былтыр сәтті аяқталған "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы. Мұның барлығы Салидат Қайырбекованың арқасында. Бұл бағдарламаны тек қазақстандықтар емес, шетелдегілер де біліп, бағасын берді. Өз ортамызда бұл бағдарламаның аты "Салидатты Қазақстан" деп әзілдеуші едік. Енді қазір біз осы бағдарламамен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Тамара Дүйсенова.

Республикалық трансплантация орталығының басшысы Жақсылық Досқалиевтың айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы Қайырбекованың жұмыстағы жетістіктерін бақылай отырып, онымен бірге еңбек еткен. "Салидат Зекенқызы менімен бірге бұрыннан жұмыс істеді. Қазақстанда денсаулық саласындағы лицензиялауды да енгізген Салидат Қайырбекова. Ол екі ауыр жұмысты атқарды: ғылыми зерттеу мен  денсаулық сақтау саласын жетілдірді. Айта кетейін, мен оның кандитаттық және докторлық диссертациясының ғылыми жетекшісі болдым", - деді Досқалиев.

 Салидат Қайырбекованың жақын туысы да оны еске түсірді. "Ол ең жақсы адам болатын. Тіпті туыстарымыздың ішіндегі ер адамдар да көз жасын жасыра алмады. Ол ешкімнің бетін қайтармайтын. Әрқашан әділ болатын. Белгілі бір қызметте отырған соң, адамдар ақша жасайды ғой. Бірақ ол мұндайдан аулақ болатын. Адамдар соны түсінбейтін. Ешкімнің ісіне араласпайтын", - деді жақын туысы Тимур Дауытов.

"Ол кішкентай кезінен бастап денсаулық сақтау министрі болғысы келетін. Тіпті әкесіне министр боламын деп уәде берген. Өкінішке қарай, әкесі ол күнге жете алмады. Бірақ Салидат уәдесін орындады. Кішкентай кезінде үлкендер оны Жанна деп атайтын. Кейін ол вице-министр болған кезде, біздің алыс туыстарымыз мен таныстарымыз ол туралы сұрай бастады. Көбісі оның шын атын білмепті. Олар үшін Салидат Жанна болып кеткен. Кейін Салидат алғашқы жоғары қызметке келгенде, барлығы оның шын атын біле бастаған", - деді туысы. 

Осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қайырбекованың қазасына байланысты көңіл айтқан болатын. "Салидат Қайырбекова өз елінің жоғары білікті маманы әрі лайықты азаматы ретінде қарапайым дәрігерден бастап, денсаулық сақтау министрі лауазымына дейін үлкен еңбек жолынан өтті. Терең білімі мен бай тәжірибесінің арқасында халыққа заманауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру ісіне қомақты үлес қосып, тарихта із қалдырды. Егер ауыр науқасы болмаса, ол Отанымыздың игілігі үшін әлі көп нәрсе жасар еді", – делінген жеделхатта.

Еске салайық, осыған дейін ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазір "University Medical Center" Корпоративтік қоры басқармасының төрайымы Салидат Қайырбекованың ауруханада жатқаны хабарланған еді. 

Салидат Қайырбекова ҚР денсаулық сақтау министрі болды, кейіннен ол денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші вице-министрі етіп тағайындалған болатын. Ал 2015 жылдың қазан айынан бастап Қайырбекова "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарды. Қазір "University Medical Center" Корпоративтік қоры басқармасының төрайымы болып жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети