Астанада салқын, Алматыда ыстық: 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада салқын, Алматыда ыстық: 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 23, 24 және 25 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 23, 24 және 25 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

23 маусым көшпелі0 бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +35...+37 градус аптап ыстық болады.

24 маусым көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрып, шаңды дауыл көтеріледі. Таңертең және күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.

25 маусым көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

23 маусым көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +33...+35 градус аптап ыстық болады.

24-25 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8, күндіз екпіні 13 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +33...+35 градус аптап ыстық болады.

Қазақстандағы көптен күткен қоңыр салқын ауа райы

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстан аумағына циклон жылжып, ол күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ, дауылды жел мен шаңды дауыл әкелетінін хабарлаған болатын. Осыдан кейін көптен күткен қоңыр салқын орнайды: еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы 23-28 градус жылы болады деп күтіледі Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.01   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +33
Ақтау +25
Ақтөбе +26
Атырау +27
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +33
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +33
П
Павлодар +34
Петропавл +31
С
Семей +32
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +20
О
Орал +33
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер