05 қазан 2022 10:40

Астанада шетелдік нөмірлі көліктер үшін автотұраққа қалай төлейді?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана тұрақ кеңістігі" елордада шетелдік нөмірлері бар көлік иелеріне тұрақ ақысын қалай дұрыс төлеу керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана тұрақ кеңістігі" елордада шетелдік нөмірлері бар көлік иелеріне тұрақ ақысын қалай дұрыс төлеу керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, көлікті тұраққа қойған сәттен  бастап алғашқы 30 минут ішінде ақы төленуі тиіс.

"Шетелдік нөмірлері бар көлікті тұраққа қою үшін төлеу мүмкіндігі барлық төлем әдістерінде қарастырылған. Төлем дұрыс алынуы үшін пайдаланушылар көліктің уақыты мен нөмірін тіркеу куәлігіне сәйкес көрсетуі керек", - делінген хабарламада.

Тұраққа ақы төлеудің төмендегідей әдістері бар:

•    "Парковки Астаны" мобильді қосымшасы
•    astanapark.kz сайттағы жеке кабинет
•    Kaspi.kz қосымшасы
•    Halykbank.kz қосымшасы
•    SENIM қосымшасы
•    Терминалдар және Касса24 сайты
•    10, 20, 50, 100 тиындармен паркомат
Ақылы тұрақта бір сағаттың құны - 100 теңге. Ақша алдын-ала төлем бойынша тұрақ сессиясы басталғанға дейін төленеді.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін 

 Астананың ақылы көлік тұрағы кеңістігінің жұмысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін  8-800-080-28-88 нөміріне хабарласуға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети